26 сәу, 2019 сағат 20:51

Жамбыл Ахметбеков президенттікке кандидат ретінде құжаттарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков тиісті құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың мынадай құжаттарын ұсынды:

1. «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

2. Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

3. Өмірбаяндық деректері;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Жоғары оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 27 сәуірге тағайындалды», - делінген хабарламада.