09 мау, 2019 сағат 22:28

Жамбыл Ахметбеков: Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тілегім келеді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тілегім келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауында кандидат Жамбыл Ахметбеков айтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

«Экзит-поллдың  алдын ала нәтижесін қарап отырмын, тәжірибе көрсеткендей экзит-полл мен Орталық сайлау комиссиясының қорытындысының арасында үлкен алшақтық болмайды. Демек осы тұрғы да қарастыруға болады. Жалпы, сайлау барысында біздің штабтың қызметкерлері ешқандай заң бұзушылық тіркемеді.  Сайлау қорытындысын да күткен дұрыс шығар, дегенмен экзит-полл нәтижесімен арасында үлкен айырмашылық болмаса, сайлау әділ өтті деуге әбден болады», - деді Жамбыл Ахметбеков. 

Айта кетейік, экзит-полл нәтижесі бойынша Қазақстан КХП атынан үміткер ретінде  ұсынылған Жамбыл Ахметбеков 3,86% сайлаушылардың даусын жинады. 

Сонымен қатар, ол әлеуметтік сауалнама - экзит-поллдың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тіледі.  

«Сөз басында айтып кеткенімдей, экзит-полл мен ОСК қорытындысының арасында үлкне алшақтық бола бермейді. Біз тәжірибелі мамандармыз деуге болады, партаменттік, президенттік сайлауға бұған дейін қатысқан болатынбыз.  Сол тәжірибеме сүйене отырып Қасым Жомарт Тоқаевқа табыс тілегім келеді. Демек оның бағдарламасы сайлаушыларға жақын болды деген сөз. Осыған қарамастан жеңіске жеткен үміткерге қарсы шықпастан өз бағдарламамыздыф қатар алып жүретін боламыз», - деді сөз соңында  Жамбыл Ахметбеков.