#
#
Жексенбі 19/08/2018

Жақын уақыттағы жаһандық апаттың неден болатыны айтылды

  • 13.02.2018
  • 0
  • 4145

Америкалық ғалымдар тобы осы ғасырдың соңына таман теңіз суы жарты метрге көтерілетінін және соның салдарынан әлем бойынша жағалауда орналасқан қалалардың бәрін су шаятынын айтады. Ғалымдардың зерттеуі Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды, деп жазады Тengrinews.kz.  

Мамандар жер серігінен 25 жылда алынған мәліметтерді сараптап, теңіз суының көтерілуін болжайтын климаттық модель жасады. 1993 жылдан бері әлем бойынша теңіз суы жылына 0,084 миллиметрге көтеріледі екен. Осылайша, 2005 жылдан 2100 жылға дейінгі аралықта су деңгейі 65 сантиметрге көтеріледі деп есептеліп отыр.  

Теңіз көлемінің артуы қызудан, еріген мұз бен жанартаулардың әсерінен болып отыр. 

Оңтүстік Флорида, Бангладеш, Шанхай және Вашингтонның бір бөлігін судың шайып кетуіне себеп - жаһандық жылу салдарынан Гренландия және Антарктида мұздарының жылдам еруі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар