29 қаң, 2018 сағат 14:06

Жақын күндері елімізде күн жылынады

Синоптиктер жақын күндері елімізде күн жылынатынын болжады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Алтайда орналасқан суық және күшті антициклон әдеттегідей Қазақстанның ауа райының өзгеруін анықтайды. Сондықтан да демалыс күндері көптеген облыста ауа температурасы климаттық нормадан 8-15°С, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 17...22°С төмен болды. Бірақ қатты аяз әлсіреп келеді, 29 қаңтар күні республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы минус 20...27°С градусты көрсетіп отыр", - дейді мамандар.

Сондай-ақ, алдағы үш тәулікте Атлантика мен Қара теңізден жылжыған жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен температураның көтерілуі тек батыс және солтүстік аймақтарда ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында да күтілетіні айтылады.