27 мау, 2017 сағат 10:58

Зерттеушілер мысырлық ең ежелгі иероглифтерді тапқанын жариялады

АҚШ-тың Йель университетінің археологтары мен Брюссельдің өнер және тарих корольдік музейінің мамандары тасқа салынған ең ежелгі монуметал иероглифтерді тапты. Ежелгі Мысыр елінің Әл-Каб қаласында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы жазбалардың жас шамасы бес мың жылдан асатыны анықталған, - деп хабарлайды Phys.org.

Монументал иероглифтер деп ерте дәуірдегі мысыр өркениетіндегі жазбаларды айтады. Ереже бойынша оларды храмдардың қабырғасына, қоғамдық жерлерге, құдайлар мүсінінде және қабірлерге салған. Кейінірек мысырлықтар иероглифтердің басқа да түрлерін қолдана бастаған - тізбек, бұл монументал нұсқаның жеңілдетілген түрі. 

Кейбір символдардың ұзындығы жарты метрге дейін жетеді. Осыған дейін ғалымдар тек екі сантиметрлік жазбаларды тапқан болатын. Сонымен қатар, археологтар жартастардан пілдің суреттерін тапқан. 

Зерттеушілердің айтуынша, осы табылған иероглиф хаттары өз заманында географиялық тұрғыдан кең қолданылған және әртүрлі болған.

kaz.tengrinews.kz