11 нау, 2020 сағат 20:30

Зәкір Сафиуллин олимпиадалық іріктеу турнирінің күміс жүлдегері атанды

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Зәкір Сафиуллин күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

63 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда өзбек боксшысы Эльнур Абдураимовпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек алғашқы минуттардан-ақ тартысты басталды. Бірінші раунд қорытындысы бойынша Сафиуллин алға шықты. Бес төрешінің төртеуі жерлесімізді жеңімпаз деп тапса, екінші раундта өзбек боксшысы есепті теңестіріп кетті. Ал шешуші үшінші раундта екі боксшы да теңдей дәрежеде жұдырықтасты. Алайда, төрешілер өзбек боксшысын жеңімпаз деп тапты.

Осылайша, З. Сафиуллин аталған турнирде Олимпиада жолдамасымен қатар күміс жүлдені де қоса жеңіп алды.