14 жел, 2019 сағат 10:42

Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық Юлия Галышева Тайвуда (Қытай) фристайл-могулдан өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағанындай, Ю.Галышева 79,8 балл жинады.

Франциялық Перрин Лаффон үздік нәтижемен (81,4 балл) чемпион атанса, канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант үздік үштікті түйіндеді. Бұлардың екеуі де – олимпиада чемпиондары. Ал Ю.Галышеваның 2018 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері атанғаны белгілі.

Ерлер арасында қазақстандық Дмитрий Рейхерд алтыншы орынға ие болды. Мұнда жапониялық Икума Хирошима (86,9 балл) әлемдік фристайлдың көшбасшысы, канадалық Микаэл Кингсбериді (86,3 балл) басып озып, жеңімпаз атанды. Қола жүлде франциялық Бенжамен Кавенің (83,3) еншісінде кетті.