06 ақп, 2020 сағат 10:25

Ыстанбұлдағы ұшақ апатында екі қазақстандық зардап шекті

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы ұшақ апатында екі қазақстандық зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де ұшақтың Ыстанбұл әуежайына қолайсыз қонуы барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген», делінген хабарламада.

Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, қазақстандықтарға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын. Ұшақ апатынан барлығы 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болған.