26 қар, 2016 сағат 15:15

Ыстамбұлда Зуқа батырдың ұлы Сауат қажы дүниеден озды

2016 жылы, 26 қараша күні таңға жақын, атап айтқанда сағат 06:30 мөлшерінде Ыстамбұлда тұратын Зуқа батырдың кенже ұлы 90 жастағы Сауат Шетин қажы өмірден озды. Жаназасы ертен бесін намазында Гүнешлі Казаккент Алтай мешітінде оқылады деп хабарланды.

 

Жаназаға Зуқа батырдың Германия, Франция, Австрия және Қазақстан секілді елдерде тұратын ұрпақтары келіп жатыр.

Сауат қажы атамыз інісі Қизат қажымен Алтайға барып кезінде атасының бейітін жасатқан еді. Зуқа батырдың ен кеңже ұлы болып табылатын Сауат қажының Гүнешлі ауданындағы отбасылық бейітке жерленетіні мәлімделді.

 

Сауат қажы атамыздын қазасына байланысты жақын туыстарына көніл айтып қайғыларына ортақтасамыз. Марқұмнын алды иманды арты қайырлы, барған жері ұжмақ болғай.

 

Құрметпен,
Ыстанбұл,
Әбдіуақап Қара Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры,
тарих ғылымының докторы

Ұлт порталы

Суретте: Сол жақтағы ақ такиялы Сауат қажы және ағасы марқұм Қизат қажы