07 жел, 2016 сағат 09:05

Ыстамбұлда Бекмаханов туралы екі кітап жарық көрді

Өткен жылы 15-16 сәуір күндері Мимар Синан көркем өнер университетінде Қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары түрік және ағылшын тілдерінде “Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихының мәселелері” атымен бүгін жарық көрді.

Түркі Дүниесі Қала Әкімшіліктері Одағының басылымдары арасында шыққан кітапта Түркия, Қазақстан және АҚШ-нан ғалымдардың баяндамалары орын алуда. Л.Н. Гұмилев атындағы Еуразия ұніуерситетінен Алтайы Оразбаева, сегіз ғалым да ат салысқан кітапта Түркия мен АҚШ-тан тоғыз зерттеушінің де баяндамалары түрік және ағылшын тілдерінде екі том жарияланып отыр.

Кітаптың тұсаукесер жыйналысы 2016 жылы, 10 желтоқсан күні сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығында жасалмақ.

dsc_0071-2

2015 жылы 15-16 сәуір күндері Мимар Синан көркем өнер университетінде Қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

Сонымен қатар белгілі ғалымдар мен баспасөз өкілдері қатысады деп күтілген осы басқосуда “Зуқа батыр және заманы” атты қазақ тіліндегі кітаптың таныстырылымы болмақ.

Әбдіуақап Қара,

Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің
профессоры, тарих ғылымының докторы

Ұлт порталы