15 қаң, 2018 сағат 23:57

Якутияда аяз - 65 градусқа жетті (Видео)

Якутияда өткен демалыс күндері температура -65 градусқа дейін төмендеді. Мектептер жабық, бірақ жергілікті тұрғындар қатты аязды елер емес, деп хабарлайды euronews.

Айта кетер жайт,  ауа райын бақылау тарихындағы ең төмен температура  1933 жылы Оймякон кентінде (-67,8°С) тіркелген болатын.

Әлеуметтік желіде хабарланғандай, өткен демалыс күндері Якутияның кейбір аудандарында термометр бағаны - 65 градусқа дейін төмендеген.