09 там, 2018 сағат 08:56

Желіде Ягудиннің Денис Тенге арнаған хабары жарияланды

Олимпиада чемпоны Алексей Ягудин «Тает лед» атты авторлық бағдарламасының арнайы шығарылымын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Матч-ТВ арнасынан көрсетілген «Тает лед» бағдарламасының арнайы шығарылымында Ягудин Денис Теннің бапкерлерімен, достарымен және әріптестерімен әңгімелеседі. Олардың арасында мәнерлеп сырғанаушылар Максим Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Траньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух және Денистің достары актер Санжар Мәди, режиссер және сценарист Игорь Цай, Денистің алғашқы бапкері Елена Водорезова мен одан кейінгі жаттықтырушысы Татьяна Тарасова бар. Достары мен әріптестері Денис туралы жақсы естеліктер айтып, оның сан қырлы тұлға екенін еске алды.

Бағдарлама Алматыда, Мәскеуде және Денис Тен Олимпиаданың қола медалін алған жер Сочиде түсірілді.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 19 шілдесінде қазақстандық спортшыны Алматыда пышақтап кетті. Оқиға орнында 3 литр қан жоғалтқан соң жедел жәрдем қызметімен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Алайда дәрігерлер 25 жастағы Денис Теннің өмірін құтақара алмады.