12 қар, 2019 сағат 08:31

Ядросыз әлем бойынша беделді жаһандық ұйым құру қажет – Назарбаев

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядросыз әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БҰҰ сессияларының бірінде «Әлем және ХХІ ғасыр» манифесімде соғыс пен ядролық қарудан түбегейлі бас тартып, Тұрақты әлем географиясын қалыптастыру қажеттігін айтқан едім. Жаппай қырып-жою қаруын таратпау халықаралық жүйесі негіздерінің жоғалуынан және Иран мен Корея халықтық демократиялық республикасының ядролық бағдарламаларының шиеленісуінен бұл мәселе өзектілене түсті. Әлемде ядролық қарусыздандыру мен таратпауды насихаттайтын беделді жаһандық платформа құру қажеттігі артып келеді. Осыған байланысты, Ядросыз әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құру бастамасын көтеру қажет деп есеитеймін», - деді Елбасы Astana Club пленарлық отырысының ашылуында.

Оның айтуынша, әлемнің жетекші ғалымдары, беделді саясаткерлері ядролық қаруды таратпау ісінде күш-жігерін біріктіре алар еді.

«Біздің клуб қатысушыларына осындай халықаралық бірлестік құру келешегін талқылауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.