16 қаң, 2017 сағат 07:37

WSJ: Гүлнәр Кәрімованы швейцариялық прокуратура тергеді

World Street Journal ақпараты бойынша, Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімованы швейцариялық прокурорлар жемқорлық қылмысына қатысты тергеді. Басылым мәліметіне қарағанда, кездесу Ташкент қаласында өткен, ал Гүлнәр қазір үй қамауында отыр.

Кәрімованың қорғаушысы болып тағайындалған швейцариялық адвокат Грегуар Манжеаның хабарлауынша, прокурорлор Гүлнәрмен екі мәрте: өткен жылы 9 және 10 желтоқсанда кездескен. Заңгердің сөзінше, Кәрімованың "жағдайы жақсы болғанымен, оның қауіпсіздігене ешкім кепіл бере алмайды". Оған "сыртқы әлеммен байланыс орнатуға, тіпті балаларымен кездесуге тыйым салынған", - дейді ол.

Швейцария прокуратурасы қызметкерлерінің Өзбекстанға барғанын растады.

Гүлнәр Кәрімова көпшілік алдына 2014 жылдан бері шықпайтын болған. Ол әкесінің жерлеу рәсіміне де қатысқан жоқ. Хабарларға қарағанда, оны үй қамауына ауыстырған. Сол жылы Швейцария билігі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Өзбекстанда тиімді келісімге қол жеткізу үшін шетелдік компаниялар Кәрімоваға пара берген деген болжам бар. Швейцария билігі оның есебіндегі 650 миллион евроны құлыптап тастады.