26 жел, 2017 сағат 17:10

WhatsApp-та жалған ақпарат таралуда - ҚР ІІМ

Батыс Қазақстан орын алған жол апатына қатысты Уатсап мессенджері арқылы тараған ақпараттағы кейбір суреттердің оқиғаға еш қатысы жоқ. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«WhatsApp-та 20 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының аумағында «Лада гранта» мен «Газель» көліктерінің жол-көлік апатына ұшыраған жерінің суреті таралуда. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Бұған қоса, террористердің көзі жойылған суреттерде де бірге жариялануда. Олардың аталған оқиғаға еш қатысы жоқ және Ресейдің аумағында түсірілген. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», - деп жазды Алмас Садубаев.