26 қаң, 2018 сағат 09:28

WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған Шымкент тұрғыны сотталды

Терроризмді насихаттаған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс Шымкенттің Қаратау ауданы сотында қаралыпты.

Белгілі болғандай, ер адам WhatsApp мессенджеріндегі "Муслим Ва Муслималар" тобына тіркеліпті. Былтыр күзде ол топқа терроризмді насихаттайтын, оның ішінде "Ал-Ихван аль-Муслимун"* (Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған террорлық ұйым) халықаралық террорлық ұйымының атынан теракт жасауға үндейтін материалдар салған. Бірнеше күн өткен соң ер адам топта дәл сондай мазмұндағы видеороликпен де бөліскен.

Ер адам сот үкімімен айыпты деп танылып, алты жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.