#
#
Дүйсенбі 24/02/2020

WBC Айдос Ербосынұлын үздік 25 боксшының қатарына қосты

  • 20.01.2020
  • 0
  • 232

Екінші орта салмақта атағы аспандап келе жатқан қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде көрсеткішін едәуір жақсартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» аккаунтының мәліметіне сәйкес, жеңіліп көрмеген отандасымыз жаңартылған рейтингте 35-ші орыннан 24-ші орынға көтерілді.

Айта кетсек, боксшы соңғы айқасын 2019 жылдың 21 желтоқсанында Ресейдің Красноярск қаласында өткізіп, техникалық нокаутпен венесуэлалық Омар Гарсияны жеңген еді. Осылайша, Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global нұсқалары бойынша титулдарын сақтап қалды.

Боксшының алдағы айқасы қашан ұйымдастырылатыны әлі белгісіз.

Айдос Ербосынұлы қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін WBA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалғаны бұған дейін хабарланған еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар