20 мам, 2019 сағат 12:38

Владимир Зеленский Украина Президенті қызметіне кірісті (Видео)

Дүйсенбі, 20 мамырда Владимир Зеленский Украина Президенті қызметіне кірісті. Жаңадан сайланған мемлекет басшысы Жоғарғы Раданың салтанатты жиналысында ант қабылдады.

Халықтың еркімен сайланған Президент Владимир Зеленский Украинаға адал болуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Украинаның Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Украинаның әлемдегі беделін көтеруге салтанатты түрде ант берді.

Зеленский тиісті құжатқа қол қойып, оны Конституциялық соттың басшысына тапсырды. Осыдан кейін Владимир Зеленский мемлекет басшысы билігінің ресми символдарын алды.

Украинаның бұрынғы төрт президенті Леонид Кравчук, Леонид Кучма, Виктор Ющенко және Петр Порошенко Жоғарғы Раданың салтанатты отырысына қатысты.

Ұлықтау рәсіміне сондай-ақ құрметті қонақтар, атап айтқанда, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Венгрия басшылары, АҚШ-тың энергетика министрі және Канаданың қорғаныс министрі келді. Қазақстан делегациясын Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастап барды.