14 мау, 2019 сағат 13:07

Владимир Путин ШЫҰ-ның кезекті саммиті қашан өтетінін айтты

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 20-отырысы 2020 жылдың 22-23 шілдесінде Ресейде өтеді. Бұл туралы бүгін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Ресей Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қырғызстанды ШЫҰ-ға табысты төрағалымен құттықтаймын және ресейлік төрағалық ұйым жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ететінін айтқым келеді. Құрметті әріптестер, сіздерді 2020 жылдың 22-23 шілдесінде Ресейде өтетін ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысына шақырамын», - деді В.Путин.

Сонымен қатар ол ұйымға Ресей төрағалығы  кезінде мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беретінін айтты. Сондай-ақ, БАҚ, дене тәрбиесі, спорт, туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді жүзеге асыруға тырысатынын атап өтті.

«Келесі жылы Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді жеңгеніміздің 75 жылдығын атап өтеміз. Біз Ресейде ХХ ғасырдың осынау қайғылы оқиғасының тарихи шындығын есте сақтауға үлкен назар аударамыз», - деді РФ Президенті.