#
#
Дүйсенбі 16/07/2018

Вице-министр ұстаздар жалақысының қаншаға өсетінін айтты

  • 13.01.2018
  • 6
  • 12021

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қаншаға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысын 30-50% көтеруді тапсырған болатын. Жалақыны көтеру кезінде маманның біліктілігі мен жұмыс өтілі ескеріледі.

«1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7-сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8-сынып ұстаздарының жалақысы көтеріле бастайды. Кейін кестеге сәйкес, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4 және 9-сынып ұстаздарының, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10-сынып ұстаздарының жалақысы көбейеді», - дейді вице-министр.

Екіншіден, маманның біліктілік деңгейін анықтау жаңа жүйеге сәйкес жүргізіледі.

«Біліктілік деңгейін бекіту ұлттық бірыңғай квалификация тестілеуінің нәтижесі арқылы анықталады. Нәтижеге сәйкес бұл ұстаздардың жалақысы 30-50% өседі. Квалификация тестін Білім министрлігі осы жылдың ортасына қарай әзірлейді. Қыркүйек айынан бастап ұстаздар осы тестілеуден өтіп, кейін жалақылары өсе бастайды», - деп хабарлады шенеунік.

2017 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда ұстаздың орташа жалақысы 99 мың теңге болды. Енді министрлік ұстаздардың жалақысын көбейткен жағдайда, орташа жалақы 120-130 мың теңге болуы мүмкін.

6 пікір

  • КамшатЖексенбі, 14.01.2018

    Тарбиешилердин жалакысы калай болады екен?

  • Есмаханов ƏділбекЖексенбі, 14.01.2018

    Техникалық жəне кəсіптік білім беру колледждерінің ұстаздарына бұл жаңалық қалай болар екен.

  • МарианаДүйсенбі, 15.01.2018

    Неге мемлекеттік жоғары оқу орындарында,институт пен университтерде жалақыны көтеруді қарастырмайды.Сол мектептегі мұғалімдерді педагогиқалық университетте біз оқытамыз.Кандидаттын айлығы 78000 тенге.

  • ХадишаДүйсенбі, 15.01.2018

    ӨТІРІК мəлімет не үшін?!
    Менің айлығым: жоғары санат + 39 жыл стажбен 83000 аламын.
    Бұндай жалақыны кімдер алып жүр?!
    Қиыспайтын өтірікті жазғандарды заңмен қудалау керек!

  • АсановаДүйсенбі, 15.01.2018

    Сонда 3-4сынып мұғалімдеріне қосылмай ма?

  • Балықбаева НағимаБейсенбі, 18.01.2018

    Мектептегі тех персоналдардың, лаборанттардың айлықтары қосылады ма?

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар