23 ақп, 2017 сағат 07:37

Вишневская мен Райкова Азиаданың алтыны мен қоласын иеленді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская спринттік жарыста алтын алды. Күмісті қытайлық Ян Жанг, қоланы тағы бір қазақстандық Алина Райкова иеленді.

Мәреге төртінші-бесінші болып қазақстандық Дарья Усанова мен Анна Кистанова келді.

Бүгін ерлер арасындағы спринтте Қазақстан спортшылары Ян Савицкий мен Василий Подкорытов алтын мен күміс алған.

Қазір Қазақстанда үш алтын, төрт күміс, бес қола медаль иеленді. Бірінші орында Оңтүстік Корея (12 алтын, 11 күміс, 7 қола), екінші орында Жапония (11-11-13), үшінші орында Қытай (6-6-6) тұр.

VІІІ қысқы Азия ойындары. Саппоро (Жапония)

Биатлон. Әйелдер. Спринт. 7,5 шақырым. Екі нысана  

1. Галина Вишневская (Қазақстан) - 20:32.6 (0+0)

2. Ян Чжан (Қытай) - +24.2 (0+0)

3. Алина Райкова (Қазақстан) - +50.6 (0+0)

4. Дарья Усанова (Қазақстан) - +54.7 (0+0)

5. Анна Кистанова (Қазақстан) - +1:32.2 (0+0).