#
#
Жұма 03/04/2020

Венецияда коронавирусқа байланысты дәстүрлі карнавал тоқтатылды

  • 24.02.2020
  • 0
  • 149

Италияның Венето ауданында Венеция карнавалын өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды carnevale.venezia.it сайты.

Шараның тоқталуына коронавирустың таралып кетуі қаупі себеп болған.

«Венеция карнавалының көпшілікке арналған іс-шараларын барлық құзырлы органдармен келісе отырып, екі күн бұрын тоқтатылды», делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

23 ақпан күнгі мәлімет бойынша, Италияның Ломбардия және Венето провинцияларындағы 12 қалаға коронавирусқа байланысты карантин енгізілді, елдімекендердегі 50 мыңға жуық тұрғын үйде қалуға мәжбүр.

Еске сала кетсек, Италияда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 150 адам ауруға шалдыққан. Сенбі күні Италия үкіметі екі адам қайтыс болғаннан кейін коронавируспен күрес бойынша «төтенше шаралар» қарастыратынын мәлімдеп, елдің солтүстік аймағының тұрғындарына өз үйлерінен шықпауға кеңес берді.

Сонымен қатар, Миландағы «Ла Скала» театры жексенбі күні коронавирус инфекциясына байланысты сақтық үшін жұмысын тоқтатқанын мәлім етті. Бұл туралы ақпарат театрдың Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар