10 жел, 2017 сағат 11:06

Василий Ломаченко жеңіліп көрмеген кубалықты ұтты (Видео)

Украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өткен бокс кешінің басты кездесуінде кубалық боксшы Гильермо Ригондоны жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Василий Ломаченко 12 раундқа жоспарланған жекпе-жектің 7-ші кезеңінде қарсыласының айқасты ары қарай жалғастыруынан бас тартуына байланысты мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша украиналық боксшы кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Ригондо спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.  

Василий Ломаченко мен Гильермо Ригондо әуесқой бокста ауыз толтырып айтатындай жетістікке жеткен боксшылар. Кубалық 2000 және 2004 жылдары, украиналық 2008 және 2012 жылдары Олимпиада чемпионы атанған.