17 нау, 2017 сағат 07:56

Василий Левит Германиядағы турнирдің финалына шықты

Василий Левит Германияның Галле қаласында өтіп жатқан «Chemistry Cup» халықаралық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жартылай финалда Левит украиналық Константин Пинчуктен айласын асырды.

Ал, өзге боксшыларымыз ақтық жекпе-жекке дейін-ақ қарсыластарына жол берді. Тек Әділбек Ниязымбетов белгілі себептерге байланысты жарысқа шықпай қалды.

49 келіге дейін өнер көрсеткен Ержан Жомарт Эквадор боксшысы Карлос Куподан 1:4 есебімен ұтылса, 52 келіге дейінгі салмақта Азамат Исақұлов АҚШ боксшысы Гилберт Рентериядан 5:0 есебімен жеңіліп қалды.

56 келіге дейін салмақта сынға түскен Қайрат Ералиев тағы бір америкалық боксшы Дюк Раганнға 0:5 есебімен жол берді. Ал 81 келіге дейінгі салмақта Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов рингке шықпағаны үшін жеңіс украиналық Максим Коцке берілді. 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит Украина боксшысы Константин Пинчукті  5:0 есебімен ұтып финалға шықты. Финалдық кездесулер бүгін өтеді.