16 қаң, 2018 сағат 10:17

Вашингтонда Назарбаевты қалай қарсы алды? (Видео)

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ұшып келген сәтінде түсірілген видео жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Видеода Мемлекет басшысының ұшағы Вашингтонға келген сәті түсірілген. Ол Президент баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. 

Әуежайда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов күтіп алды. Сонымен қатар, Президент келген уақытта АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдың жүргенін байқауға болады.  

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттары, Вашингтон қаласына ресми сапармен келді. Бұл туралы бүгін, 16 қаңтарда Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысатыны айтылады.

Назарбаевтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ресми сапар үш күнге созылады: 16-18 қаңтар.