07 ақп, 2019 сағат 15:25

Үскірік аяз: 8 ақпан күні Астана мектептерінде сабақ болмайды

Ертең 8 ақпан күні Астана мектептерінде бірінші ауысымда сабақ болмайды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық білім басқармасы хабарлады.

«8-ші ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды»,-делінген хабарламада.