13 қар, 2017 сағат 21:26

Үшінші "Достық" фестивалі өтті

2017 жылдың 13 қарашасы күні Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында Мүгедектер күніне арналаған үшінші «Достық» фестивалі өтті.

Іс-шараға мүмкіндіктері шектеулі адамдар, олардың туыстары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және басқалар қатысты.

Фестивалді Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, «Шарапат» жас мүгедектер ұйымы, Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамы ұйымдастырды.

Іс-шара аясында мерекелік концерт өтіп, мүмкіндігі шектеулі адамдар ұжымдары өз өнерін ортаға салды.

Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, Алматы қаласы әкімінің мүмкіндіктері шектеулі жандар мәселесі бойынша кеңесшісі – Алаев Вениамин Юрьевич, Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамының төрайымы – Климко Любовь Касымовна және «Шарапат» мүгедек жастар ұйымының жетекшісі – Мананбаева Раушан Темірбекқызы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Біріккен ұлттар ұйымының «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялау туралы Заңның қабылдануы республикадағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ең маңызды оқиға болды. Бүгінгі күні, мүгедектердің білім алуға және жұмысқа орналасуға қолжетімділігінің кеңеюі және олардың қоғам өміріне толық қатысуы мемлекетке экономикалық, әлеуметтік және саяси әсерін беруде.

Құттықтау сөзінен кейін мерекелік концерт басталды. Концертте Талғар қаласының «Белый ангел» клубының мүшелері, «Шарапат» жас мүгедектер ұйымының, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бишілері мен әншілері, «Жүрегім қазақ» атты ым әнін орындаған, №1 мектеп-интернаттың оқушылары, №5 мектеп-интернатының «Арай» би ұжымы және басқалар өнер көрсетті.

Концерттен кейін марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға мадақтамалар, гүлдер және бағалы сыйлықтар берілді. Іс-шара соныңда көрермендер мен қатысушылар тамаша мереке үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты.