13 там, 2017 сағат 11:54

Усэйн Болт әлем чемпионатында мәре сызығына жете бере құлады (Видео)

Усэйн Болт өз спорттық жолындағы соңғы бәсекесінде оқыстан жарақаттанып қалды.

Бұдан бұрын сегіз дүркін олимпиада чемпионы атанған спринтер спортпен Лондондағы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанып қоштасқысы келетіндігін мәлімдеген еді.

Өкінішке орай, аты аңызға айналған ямайлық желаяқ Лондондағы жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында  4х100 эстафетаның соңғы төртінші айналымында жүгірген еді. Бірақ мәре сызығына жақындаған кезде ақсаңдаған күйі жүгіретін жолға құлады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол жамбасынан жарақаттанған.   

Сондай-ақ осы қашықтықта Ямайканың ерлер құрамында Омар Маклеод, Джулиан Форт, Йохан Блэйктер  де жүгірді.  

Болт соңғы бәсекенің қорытынды кезеңінде оқыстан жарақат алып,  мәре сызығына жетпей тоқтады. Оқыс жағдай туралы видео YouTube-тегі Sportixer арнасында пайда болды.

Эстафетада 37,47 секунд көрсеткішімен Ұлыбритания командасы жеңімпаз атанды. Екінші болып мәре сызығын - америкалықтар (37,52) қиды, үшінші - жапондықтар (38,0).