29 мау, 2018 сағат 06:37

"Үркер" сыйлығының жеңімпаздары анықталды

фото: Бауыржан Жуасбаев

Астанада «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. 

«Үркер» сыйлығы биыл «Қазақ» газетінің 105 жылдығына арналып отыр. Жеңімпаздарды анықтайтын қазылар алқасы құрамында танымал қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, журналистика саласының майталмандары болды.

Байқаудың лауреаты атанған журналистерге естелік мүсін мен қаржылай жүлделер табысталды. Әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен дәстүрлі естелік мүсінге ие болды.

Байқауға шығармашылық жұмыстары 2017 жылы жарияланған баспасөз редакциялары мен интернет-БАҚ өкілдері, сондай-ақ радиостанциялардың журналистері қатысты.

Байқау жеңімпаздары:

1. Үздік фотосурет:

Тұрар Қазанғапов — Tengrinews.kz

2. Үздік сараптамалық материал:

Әсел Мұқанова — Zakon.kz

3. Үздік репортаж:

Илья Астахов — Today.kz

4. Үздік журналистік зерттеу:

Асқар Джалдинов — Time.kz

5. Үздік сұхбат:

Гүлзина Бектасова — Айқын

6. Қазақстан туралы үздік танымдық материал

Яков Федоров — Yvision.kz

7. Үздік халықаралық сараптамалық материал

Сәуле Исабаева — ЦентралАзияМонитор

8. Астананың 20 жылдығына арналған материал

Ғалым Омарханов — Қазақ газеттері

9. Үздік аймақтық радиостанция

Жұлдыз FM

10. Үздік аймақтық баспасөз басылымы

Жетісу

11. Үздік қазақстандық радиостанция

Шалқар

12. Үздік Интернет БАҚ

Informburo.kz

13. Үздік республикалық баспасөз басылымы

Егемен Қазақстан

14. Үздік вайн

Нұрлан Батыров

15. Экономика мен қаржы туралы үздік материал (арнайы аталым):

«Капитал» газеті