18 қаң, 2017 сағат 08:03

Универсиада-2017. Үздік журналистер марапатталды

Қазақстан Баспасөз клубында 2017 жылғы Қысқы универсиадаға дайындық барысы және елімізде бұқаралық спорттың дамуы туралы жарияланған ең үздік материал үшін Қазақстан Республикасы журналистері арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Байқауға барлығы 149 өтінім келіп түскен болатын. Қазылар алқасы Универсиаданың дайындық кезеңі туралы БАҚ беттерінде көптеген материалдар жарияланғанын атап өтті. Жұмыстарды бағалау кезінде қазылар алқасы авторлардың іс-шараны жан-жақты қарастыра отырып хабар таратқанына, сондай-ақ, жарияланымдардың өзектілігі мен айғақтылығына мән берді.

Байқаудың келесі қатысушылары жеңімпаз атанды:

1. «Баспа БАҚ беттеріндегі ең үздік жарияланым» аталымында материалдар топтамасы үшін:

- Юрий Лифинцев, «Казахстанская правда» республикалық газетінің журналисі;

- Ғалым Сүлейменов, «Айқын» республикалық газетінің журналисі .

2. «Ең үздік телевизиялық сюжет» аталымында Универсиада-2017 іс-шарасына арналған сюжет авторлары:

- Мақсат Ержан «Қазақстан» РТРК «Айтуға оңай» бағдарламасы үшін;

- Серік Сұлтанғазиев  «НТК» телеарнасындағы «Ревю» бағдарламасы үшін.

3. «Ең үздік радиоматериал» аталымында:

- Мақсат  Айдаболов «Авторадио» жаңалықтарындағы «Универсиада-2017» айдарындағы бағдарлама топтамасы үшін;

- Татьяна Рау – «НС» радиосындағы «Огни большого города» бағдарламасы үшін.

4. «Әлеуметтік желілердегі ең үздік жарияланым» аталымында:

- Альберт Ахметов Yvision.kz порталындағы жарияланымдар топтамасы үшін;

-  Бек Төлеуов Baq.kz сайтындағы жарияланымдар топтамасы үшін.

5. «Ақпараттық агенттіктердегі ең үздік жарияланым» аталымында іс-шара туралы кешенді әрі шығармашылық тұрғыда хабар таратқаны үшін:

- Айнаш Хаметжанова, «Tengrinews» ақпараттық агенттігі;

- Ақсәуле Әбітай, «7kun.kz» ақпараттық агенттігі.

6. «Өңірлік БАҚ беттеріндегі ең үздік жарияланым» аталымында:

- Ғабит Сапарбеков, «Оңтүстік Қазақстан» газеті;

- Асқар Ағатаев, «Огни Мангыстау» газеті.

Байқауға белсенді қатысқаны үшін Марина Пестрякова («Вечерний Алматы» газеті), Сейітхан Аманкелді («Қазақстан» ТРК), Айтпай Жандос («Хабар» ТРК) және Ерқанат Көпжасарұлы («Қазақ радиосы») алғыс хатпен марапатталды.

"Тұрғындардың спортшыларымыздың жетістіктері туралы хабардар болуы бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби деңгейі мен жұмыс тиімділігіне тәуелді, осылайша бүгінгі спортшыларымызды үлгі тұтатын болашақ чемпиондар легі өсіп тәрбиеленеді", - деп атап өтті 2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып.

"Ұлт ақпарат"