06 ақп, 2017 сағат 13:03

Универсиада - 2017. Шаңғыдан Қазақстан әйелдер құрамасы эстафета күмісін алды

Алматыдағы қысқы Универсиадада шаңғышы қыздардың 3×5 шақырымға командалық эстафета жарыстары өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жеңіс ресейлік қыздарға бұйырды, «күміс» жүлдені Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Ирина Быковадан қүралған қазақстандық команда алса, үздік үштікті Франция шаңғышылары түйіндеді.

Қысқы Универсиада-2017. Алматы (Қазақстан)

Шаңғы жарыстары. Әйелдер. Командалық эстафета. 3×5 шақырым:

1. Ресей - 42:25.1

2. Қазақстан (Анна Шевченко, Ольга Мандрика, Ирина Быкова) - +52.1

3. Франция - +1:46.1.