08 ақп, 2017 сағат 16:46

Универсиада - 2017. Қазақстан хоккейшілері финалда Ресей құрамасына есе жіберді

Бүгін Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".    

Финалда жерлестеріміз ресейлік спортшылармен бақ сынасып, 1:0 есебімен ұтылып қалды. Осылайша ресейлік хоккейшілер 28-қысқы Универсиада ойындарының чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, спорттың бұл түрінен Универсиаданың қола жүлдесін құрлықтың арғы бетінен келген канадалық спортшылар қанжығасына байлаған болатын.

Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 36 медальға қол жеткізді.