31 қаң, 2017 сағат 12:35

Универсиада - 2017. Қазақ спортшылары екінші алтынға ие болды

Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына екінші алтын медаль түсті.

Қазақстандық фристайлшы жұп Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова командалық сында жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты. 

Фристайлдың акробатика сынынан өткен командалық аралас микс сынында жерлестеріміз 167,05 ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көрінді. Олар финалда қытайлық спортшыларды қапы қалдырды. 

Бұл сайыста бақ сынаған қазақстандық Дархан Мұхамеджанов пен Ақмаржан Қалмұрзаева жұбы іріктеу сынынан сүрінді.


Айта кетсек, жерлестеріміз жалыкомандалық есепте 2 алтын 2 күміс 4 қола жүлдемен екінші орынға көтерілді. Бүгін биатлоншы Алина Ракова алтын медаль жеңіп алған болатын.

"Ұлт ақпарат"