02 ақп, 2017 сағат 11:15

Универсиада - 2017. Фристайлшы Дмитрий Рейхерд алтыннан алқа тақты

Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд алтын медальға ие болды. 

Фристайлдың могул түрі бойынша өткен сайыста жерлесіміз жеңіске жетті. Бұл сында тағы бір қазақстандық спортшы Павел Колмаков қола жүлдені қанжығаға байлады. Күміс жүлде ресейлік спортшыға бұйырды.

Жерлестеріміз жалыкомандалық есепте 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен екінші орында келеді.

"Ұлт ақпарат"