03 ақп, 2017 сағат 13:19

Универсиада – 2017. Дмитрий Рейхард ел құрамасына сегізінші алтынды сыйлады

Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына сегізінші алтын медаль түсті. Бұл туралы Massaget.kz порталы жазды.

Фристайлшы Дмитрий Рейхард жарыста екінші күн қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді. Кеше отандасымыз могул сынында үздік шыққан еді.

Бүгін паралелльді могул сынының финалында ресейлік Сергей Шубенковты ұтып, екі дүркін жеңімпаз атанды. Қола жүлде де қазақстандық спортшыға бұйырды. Оны Павел Колмаков жеңіп алды.

Осыған дейін әйелдер арасындағы паралелльді могулда Юлия Галышева жеңімпаз атанған болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын 2 күміс 8 қола медаль бар.