28 қаң, 2017 сағат 18:58

Универсиада-2017. Алғашқы күнінің қорытындысы

Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың алғашқы жарыс күні аяқталды. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Доданың бірінші күнін xоккейшілер ашты. Универсиадада xоккейден ерлер арасында өткен алғашқы матчта Словакия мен Ұлыбритания құрамалары кездесті.«Халық Арена» алаңында өткен ойын 9:0 есебімен Словакияның жеңісімен аяқталды. Екінші кездесу - С тобында Латвия Жапонияның мысын басты - 4:3. Кешке «Халық Арена» мұз алаңында Қазақстан мен Қытай командалары өзара мықтыны анықтады. Қазақстанның xоккейден студенттер құрамасы ҚХР қақпасына 22 гол салды. 
 
Әйелдер арасындағы сында А тобындағы екі кездесу өтті. Балуан Шолақ стадионында алдымен Канада мен Қытай құрамалары кездескен болатын. Матч 9:1 есебімен аяқталып, канадалық құрама жеңіске жетті. Содан кейінгі кездесуде Қазақстан командасы Ұлыбританияны 11:0 есебімен ойсыратып салды. Бұл ойында Бұлбұл Қартанбаева мен Карина Фельзинк қарсыластар қақпасына екі шайбадан соқты. Сонымен қатар бүгін «Медеу» мұз айдынында коньки спортынан жаттығулар өтті. Ал «Алатау» кешенінде шаңғышылар трассаны сынап көрді. Айта кетейік, 29 қаңтарда «Алматы Арена» стадионында сағат 19:00-де Универсиаданың ашылу салтанаты өтеді. Сонымен қатар 12:30-да xоккейден Ресей мен АҚШ-тың әйелдер құрамалары кездеседі. 

Ұлт порталы