05 қар, 2019 сағат 15:02

Үндістанда жұмыртқа жеп жарысқан ер адам көз жұмды

Үндістан тұрғыны Субхаш Ядав бір мезетте көп жұмыртқа жегеннен қаза тапты, деп жазады Daily Mail.

«42 жастағы ер адам досымен базарға барып, екеуінің арасында дау туындаған. Дауды шешу үшін олар бәстесіп, 50 жұмыртқа жеп жарыспақ болған. Осынша жұмыртқаны түгел тауысқан адам екі мың рупий (шамамен он мың теңге) алатын еді» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, 41-жұмыртқасын жеп болғаннан кейін Ядав есінен танып қалған. Ол ауруханаға жеткізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң қаза тапты. Дәрігерлер оның артық тамақтанудан көз жұмғанын анықтады.