#
#
Жұма 20/04/2018

Үнді режиссері Жетісу жерінде тарихи фильм түсірмек

  • 12.04.2018
  • 0
  • 67

Үнді тарихы, үнді мәдениеті – үнді киносы арқылы қазаққа жат болмаса керек. Енді Алматы облысында аталған елдің атсалысумен тарихи фильм түсірілмек. Бұл жөнінде өңір басшысы Амандық Баталов пен аталмыш фильміді түсіруді жоспарлап отырған «Santoshi Prodaction» кинокомпаниясының мамандары арасындағы кездесуде айтылды. 

Кездесу барысында қос тарап Жетісу өңірінде түсірілетін фильмнің мән-жайын талқылады. Осы ретте облыс әкімі қонақтарға өңірдің жеткен жетістіктерін таныстыра отырып, қонақжай Жетісу жұртшылығының бұл жобаға қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Әсілі бұл ой Жетісу топырағына үндінің Кино режиссері Раджкумар Сантошидың келуінен туындаған. Сол ретте, түгін тартса майы сорғалаған құйқалы топырақтың көркем табиғаты шетелдік қонақты қатты таңғалдырады. Нақтырақ айтқанда, режиссер Қазақстанға өткен жылы арнайы сапарлай келеді. Әрі осы барыста қазақ даласын аралап, болашақ фильмінің түсірілімі жүргізілетін жерлерді таңдап кетеді.

Оның айтуынша, Үшқоңыр жайлауы, Қапшағай маңы және Шарын шатқалының табиғаты – сөзсіз теңдессіз сұлулық галереясы іспетті. Көрген көзге ерекше көрінеді. Яки, тарихи кионға сұранып тұрған жер деуге болады. Сол себепті де ол осындай тоқтамға келеді. Тіпті, режиссер тарапынан шешім де шығарылып қойыпты. Түсірілім жұмыстары маусым-тамыз айлары аралығында басталмақ.

Фильмның аталған өңірде түсірілуіне тағы да себеп жоқ емес. Өйткені, қазақ тарихына қатысты көптеген «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала», «Қазақ елі» сынды кино туындылардың осы өңірде түсірілуі де тегін емес еді. Таулы-тоғайлы, көлді-қоғалы, шөлейтті, адырлы, шатқалды, көз жеткісіз  жазықты алқап та осы аймаққа тиеселі. Бұндай бірегей картина кино тілінде шебер «сөйлеп» шыға келетіні де рас. Оған осы бір аспан асты ашық түсірілім алаңының Алматы мен Талдықорғандай қос шаһарға тиіп тұруын қосыңыз.

Кино мамандарының айтуынша, тиісінше, бұл фильм Жетісу өлкесінің әсем табиғатын Үндістан мен өзге елдердің көрермендеріне паш етудің бір мүмкіндігі болмақ. Себебі, оның кейінгі мол аудиторияны қамтыған көрсетілімін айтпағанның өзінде, түсірілім барысында үндістандық журналистер тарихи киноның күнделігін жүргізіп отырады деп жоспарланған.

Енді аталған фильм жайында қысқаша тоқталсақ, 1897 жылы Сарагархи түбінде тарихи үлкен шайқас болған көрінеді. Сол ұрыста әскери қарауылдау бекеті үшін сикхтық 21 сарбаз жаудың 10 мың әскеріне қарсы тұрған дейді. Әрине, адам нанғысыз шайқас бұл. Ал үнділіктер баба тарихының баяны дейді оны. Сол себепті де аталған туындыны түсіруге барын салып отыр.

Айта кетейік, шығармашылық топ түсірілім барысында картинаға қажетті адам санының жоспарлағаннан да көп болуы мүмкін екенін, қажеттілік туындаған жағдайда фильмге жергілікті тұрғындарды тарту жоспары да бар екенін жеткізді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар