#
#
Бейсенбі 21/11/2019

"Ұлыларға тағзым – ұрпаққа аманат": Қаныш Сәтбаев – Мәшһүр Жүсіп Көпеев (фото)

  • 18.05.2017
  • 0
  • 2353

Қазақ халқының асыл перзенттеріне тағзым етуші атты саяхатшылар академик Қаныш Сәтбаев ауылынан Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесіне жетті. Ескелдіге жеткен экспедиция мүшелері ақын, философ, шежіреші, халық ауыз әдебиетін жинақтаушы, этнограф Мәшһүр Жүсіп аруағына бағыштап құрбандық шалды.

Жолда Үкібай би Найзабекұлының мазарына тоқтап, құран бағыштады. Үкібай би 1833 жылы Баянауыл округінің құрамына кіретін Сатылған-Алтынторы болысының басшысы болып сайланған.

1839 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторының жарлығы бойынша Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан болыстар ыдыратылып, басқа болыстарға таратылып берілді. Бұл іске Үкібай араласып, Сатылған — Алтынторы болысын ыдыратпай аман алып қалған. Сөзге тапқыр, от ауызды, орақ тілді шешен биді Шоң би қадыр тұтқан екен.

Үкібай би мазарын артқа тастап ілгері жүрген салт атты саяхатшыларға Үштаған тауы» «Жолдарың болсын!» - деп тұрғандай болды. Жігіттер ошақтың үш бұтындай, тағаның үш емшегіндей әсер қалдырған Үштаған тауының  етегінде тұрып үш жүз бен үш жұртының береке-бірлігін тіледі.

Жаңажол ауылында Мәшһүр Жүсіп мешітінде болып, құран оқыды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев мектебінің оқушыларымен кездесті. Жеткіншектер өз өнерлерін көрсетті. Осы ауылда тұратын Мәшһүр атаның үлкен ұлы Мұхамед-Шарапиденнің қызы бүгінде 89 жасқа толған Зарауха анамызбен жүздесіп, батасын алды. Бұдан әрі Ескелдіге бет алып, Адам Жүсіп Көпеев кесенесінде түнеді.

«Сөз білген соң сөйлемей қалу – айып,

Қорқамын кетер ме деп аяқ тайып.

Белгісіз не боларым мұнан былай,

Тілеймін көптен  дұға қолым жайып.

Не болар бұдан былай бұл ғаріп бас,

Әркімге бола бермес екі елу жас.

«Халықтың тілі – Құдайдың қаламы» - деп,

Қылыңдар жақсы лепес, дін қарындас» – деп жырлапты Мәшһүр Жүсіп атамыз. Ата-бабалар аманатына адалдық танытып жүрген ұлдардың лепесі де білінді.

Серілер Сұлтанмахмұт Торайғыров ауылына жол тартты.

Арнайы Ұлт порталы үшін Жаңажол ауылынан Еламан ҚАБДІЛӘШІМ

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар