#
#
Бейсенбі 24/10/2019

«Ұлы Дала Тарихы» кітабы «Card Couture Award-2019» сыйлығына ие болды

  • 23.09.2019
  • 0
  • 351

Ұлы Даланың бірнеше мыңжылдық тарихынан сыр шертетін «Ұлы Дала Тарихы» кітабы Прагадағы «Card Couture Award-2019» фестивалінде ең жоғары наградаға ие болды. Бұл — жыл сайын жеті аталым бойынша берілетін Еуропадағы ең беделді, үздік марапаттардың бірі.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, биылғы марапаттау рәсіміне белгілі баспаханалардан 100-ден астам ұсыныс келіп түскен. Кітаптың мазмұны, оны жазуда пайдаланылған құралдар мен материалдардың жоғары бағасы және қызықты құрылысының арқасында «Ұлы Дала Тарихы» «Үздік кітап» номинациясында жеңімпаз атанды.

«Ұлы Дала Тарихы» кітабының шығарылуымен айналысқан белгілі баспагер Берік Барысбеков «Ұлы Дала Тарихы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының тапсырысымен жазылған. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабына негізделіп жазылған «Ұлы дала тарихы» кітабының материалдары он жылдан астам уақыт бойы жиналды. Біз аталған кітапта Ұлы даланың бірнеше мыңжылдықтағы тарихын көрсете алдық. Дегенмен мұнда тек Қазақстанның тарихы ғана емес, онда өмір сүрген ұлттар мен тайпалардың ұлы мәдениеттері туралы да баяндалады» - дейді өз командасымен кітапты шығарумен айналысқан белгілі баспагер Берік Барысбеков.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар