24 сәу, 2018 сағат 10:42

"Ұлы дала елі" қосымшасы жарық көрді

Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы – "Қазақстан – Ұлы Дала Елі" қосымшасы еліміздің  географиясы, тарихы, мәдениеті, экономикасы, туризмі және халықаралық қатынастары сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды, деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мұнда жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, түрлі келбет, инфографикалар мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шетел азаматтары мен туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болмақ.

Оны AppStore, PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.