04 шіл, 2017 сағат 18:11

«Ұлы адам туралы ұлағатты кітаптың» тұсауы кесілді

Астана қаласының Оқушылар сарайында Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы «О великой жизни» – «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Бас редакторлар клубының өкілдері, атақты қоғам қайраткерлері, жетекші жастар ұйымдарының өкілдері, НИМ, «Білім-Инновация» лицейінің мұғалімдері және басқа да адамдар қатысты.

«О Великой жизни» атты кітап – бұл Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы 12-ден асқан жас жеткіншектерден жоғары аудиторияға арналған Мемлекет басшысы туралы алғашқы кітап, сондай-ақ ол жоғарғы сынып оқушылары және КТУ оқушылары үшін дайын оқу құралы.

Кітаптың авторы – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Александрович Зенькович.

Н. Зенькович көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси көшбасшылар және тарихтың жолын өзгерткен басқа да белгілі бірегей тарихи тұлғалар туралы 30-дан астам кітаптың авторы.

Тұсаукесерде автор кітапты шығарудағы басты идея, Мемлекет басшысы өміріндегі сюжеттік желіге енген негізгі оқиғалар туралы баяндады.

Кiтаптың орыс тiлiндегi нұсқасы 2 мың дана, қазақ тiлiндегi аудармасы да 2 мың данамен шықты. Ресейлік жазушының кітабын қазақ тіліне белгілі қазақстандық журналист, қаламгер, ТМД журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай аударған.