#
#
Сенбі 04/04/2020

Ұлттық ұлан сарбаздары Нұр-Сұлтанда карантин талабын бұзбақ болған екі адамды ұстады

  • 26.03.2020
  • 0
  • 113

Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұлан сарбаздары патрульдеу кезінде карантин аймағын заңсыз кесіп өтпек болған екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 наурызда «Нұр-Сұлтан – Көкшетау» блокбекетіне жақын маңда гвардияшылар блокбекетті айналып өтпек болған екі адамды байқап қалған. Олар ұсталып, Байқоңыр АПБ-ға берілді. 

«Біз аймақты шолып отырып, 250 метр қашықтықтан екі азаматты көрдік. Бірден белгі беріп, оларға қарай жүгірдік», - деді қатардағы жауынгер. 

1992 және 1993 жылғы жігіттер қашпаған. Олардың бірі елорда тұрғыны болса, екіншісі Қостанай облысы Арқалық қаласынан. Ұсталған кезде Ақкөл қаласына бара жатқандарын айтты. Алыстан оларды ешкім байқамайды деп ойлаған. 

«Ұсталған кезде жауапқа тартпай, жіберулерін сұрады», - деп атап өтті сарбаздардың бірі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар