#
#
Сейсенбі 21/01/2020

«Ұлттық тестілеу орталығы» директорының орынбасары 7 жылға сотталды

  • 10.12.2019
  • 0
  • 210

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С. Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

«Жақсыбеков «ProBusineSS.kz» ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 млн теңге болатын «Toyota camry» маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген, аймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғағаны үшін. 9 желтоқсанда Нұрсұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар