10 сәу, 2017 сағат 14:14

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі тұрғын үйлердің бағасы қандай екенін айтты

Қазақстанда соңғы айлары тұрғын үйлердің бағасы бір деңгейде сақталып келеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың наурызында еліміздегі пәтерлердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 249 152 теңге болды. Бұл қаңтардағы бағамен салыстырғанда 0,4 пайызға көтерілгенін айтады. Ал бұл бағаны 2016 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішімен салыстыратын болсақ, жаңа тұрғын үйдің бағасы өзгермеген.

Комитеттің мәліметінше, 2017 жылдың ақпан айында көппәтерлі үйлердегі пәтерлердің бір шаршы метріне кеткен шығын 132 000 теңгеге жеткен. 

Сондай-ақ, наурыз айында абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағасының 2017 жылдың ақпанындағы және жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеп, шаршы метр үшін 115 251 теңге болғаны айтылады. Ал абаттандырылған тұрғын үйлердің бағасы наурыз айында шаршы метр үшін 188 195 теңгеге жетіп, ақпандағы бағадан 0,1 пайызға төмендеген.