13 ақп, 2017 сағат 09:57

Ұлттық бюро: Бишімбаев миллиард теңге жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдері "Бәйтерек ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қызылорда қаласында табақ шыны шығаратын және өңдейтін зауытын салу кезінде  «Orda Glass» ЖШС ведомстволық бағыныстағы компания мен  оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы  1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған.

«Қылмыстық схемаға осы ұйымның басшылары Д. Ибрашев, Ж. Исабеков, М. Қожабаев та тартылған. Ұрланған қаражатты «Құрылыс металл конструкциялар зауыты» аффилирленген компаниясы арқылы жұмысшылардың тамағы мен тұратын жеріне төлем ретінде қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қ. Бишімбаев аталған соманың 2 млн АҚШ долларын өзінің делдалы - туыс інісі С. Нұрлыбек арқылы алған, Ж. Исабеков, М. Қожабаев, С. Нұрлыбекке қатысты тұтқындау шарасы қабылданды. Д. Ибрашев кінәсін мойындағаны, тергеуге жәрдемдескені үшін үйқамаққа алынды», - делінген хабарламада.

Сот алды тереу жүргізілуде.