14 там, 2017 сағат 17:22

Ұлттық банк төрағасы: Теңге тұрақтылығына қатысты алаңдауға негіз жоқ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің еліміздің қаржы секторын ілгерілету жөніндегі жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді.

Қазақстан Президенті қазір ұлттық валютаның еркін айырбас бағамы саясатының жүргізіліп жатқанын айтып, Ұлттық банктің инфляция өсіміне жол бермеу жөніндегі міндетін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Д.Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады.

«Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айының басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Елбасы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырмалар берді.