08 сәу, 2020 сағат 14:38

Ұлттық банк наурызда 1,4 млрд долларға интервенция жасады

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы интервенциялар туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық банк интервенция жүргізді. Бұл елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қиын сәтте қаржылық нарықтың дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етті. Мұнай бағасының күрт төмендеуі жағдайында сырты факторлардың ішкі валюта нарығына кері ықпалын азайту мақсатында 10 наурыздан бастап Ұлттық банк 1487,6 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жасады. Интервенция биржа нарығында әдеттегі сауда түрінде де, франкфурт аукционы түрінде де өтті», - деді Ә. Молдабекова. 

Оның айтуынша, жүргізілген интервенцияларға қарамастан ай қорытындысына сәйкес халықаралық резервтер 80 млн долларға артып, $29,97 млрд болды. Конвертацияланатын валюта резерві $10,3 млрд-қа артқан. 

Наурызда Ұлттық банк Ұлттық қорды қалыптастыру мақсатында алтын валюта активтерінен 300 млн АҚШ доллары көлемінде алтын сатты.