24 қаң, 2017 сағат 10:44

Ұлттық банк «Халық банкі» мен «Қазком» арасында жасалуы мүмкін келісімге қатысты пікір білдірді

ҰБ Халық банкі мен Qazkom арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ пен "Қазком" АҚ арасында келіссөздердің басталғаны туралы Ұлттық банкке банктердің менеджменті және акционерлері хабарлады. Қаржы нарықтарының жаһандануы және ықпалдасу процестерінің күшеюі жағдайында банк секторының шоғырлану үрдісі көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға де тән. Бұл туралы ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.

"Мәміле нақты іске асырылғанға дейін банктер Ұлттық банктен ірі акционерлерді ауыстыруға келісім алуға тиіс, ол келісім банктердің барлық депозиторлары мен кредиторларының мүддесін қорғау қамтамасыз етілген, сондай-ақ банктердің бизнесін орнықты дамыту үшін жаңа акционерлерде қаржылай мүмкіндік болған жағдайда ғана болуы мүмкін", - деп хабарлады Смоляков.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Ұлттық банк шоғырлану процесіне қатысатын әрбір банк миноритарийлерінің құқықтарын сақтау бойынша, сондай-ақ өзге ілеспе міндеттемелердің толық көлемде орындалуы бойынша қаржы институттары міндеттемелерінің орындалуы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға дайын екендігін мәлімдейді.

"Сонымен бірге, Қазақстан заңнамасына сәйкес "Қазақстан Халық банкі" АҚ пен "Қазком" АҚ талқылап отырған мәміленің уақытша шектеулері жоқ екеніне көңіл аудару қажет", - деп атап өтті Смоляков. Ол "Ұлттық Банк банк секторының қаржылық орнықтылығын және банктердің банк заңнамасының талаптарын бұлжытпай сақтауын қамтамасыз ету саясатын жалғастырады", - деп толықтырды ол.