#
#
Дүйсенбі 19/11/2018

Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарға кеңес берді

  • 21.06.2018
  • 0
  • 1495

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев теңге бағамының құбылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Тағы бір мәрте еске салды

Данияр Ақышев Ұлттық банк 2015 жылдан бері теңге бағамын реттемейтінін еске салды. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда теңгенің еркін айырбас бағамы режимі енгізілген еді. Тиісінше, бағам сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. 

"Қазіргі болып отырған жағдайды барлық дамып жатқан нарықтағы тұрақсыздық элементі деп санаймыз. Бүкіл әлемде барлық дамып жатқан валюталар, өкінішке қарай, долларға қарсы әлсіреп жатыр. Қазақстан да солардың қатарында. Біз экономикасы ашық елміз, әлемдік процестерге ықпалдасқанбыз, сондықтан әлемнің қаржы нарықтарындағы процесстер Қазақстанға да әсерін тигізеді", — деді Ақышев сенат отырысында. 

Оның айтуынша, қазір ірі мемлекеттер – Ресей, Түркия, Аргентина және басқа елдер валютасын біртіндеп девальвациялауда. Бұл үдеріс теңге бағамына да әсерін тигізді. 

"Десе де біз теңгенің құбылмалылық дәрежесі әлдеқайда төмен екенін көріп тұрмыз", — деді ұлттық банк басшысы. 

Теңгенің әлсіреуі – маусымдық жағдай 

"Бағамға әсер ететін макроэкономикалық және іргелі факторлар, ең алдымен, бұл экпорттық тауарлардың бағасы, біріншіден, мұнайға, өте жоғары болып отыр. Бұл бізде төлем балансы тұрақты екенін көрсетеді. Қазір теңгенің әлсіреуі екі нәрседен болып отыр. Біріншісі – барлық дамып жатқан нарықтың әлсіреуі, екіншісі – маусымдық фактор", — деді Ақышев. 

Ол маусым айында шетелдік валютаға сұраныс үнемі артатынын атап өтті. Өйткені адамдардың көбі шетелге саяхаттайды, балаларын өзге елдерге оқуға жібереді, тиісінше шетелдік валюта сатып алады. 

"Бұл олардың құқығы, қалағанынша сатып ала берсін дегім келеді. Ал қалған азаматтарға валюта айырбастау бекеттеріне жүгірмеуге кеңес берер едім. Себебі былтыр жазда да дәл осындай жағдай болған. Сонда естеріңізде болса, теңге бағамы 340 теңгеге дейін әлсіреп, кейін қайта 320 теңгеге дейін нығайды", — деді Ұлттық банк төрағасы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар